BasNewsЖаңалықтар
Республика күніне орай отшашу бола ма
25 қазанда Қазақстан Республика күнін атап өтеді. Осыған орай Zakon.kz тілшісі Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне хабарласып, даталы күні мерекелік отшашу болатын-болмайтынын сұрап білді.
Елорда әкімдігі Республика күніне орай қалада 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
«Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т.б. орындарда өтеді. Отшашу болмайды», – деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шымкентте де отшашу болмайды.
«Жоқ»,- деп қысқа қайырды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі осы сипаттағы біздің сұраққа берген жауабында.
Бұл тұрғыда оңтүстік мегаполис тұрғындарының жолы болды деп айтуға болады.
«25 қазанда сағат 20:00-де Астана алаңында Республика күніне орай мерекелік отшашу атылады», – хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі