BasNewsЖаңалықтар
Қытай үкіметінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Бүгін Қытай үкіметінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Қытай орталық телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды basnews.kz.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Ли Шанфуды Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі және Қорғаныс министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Осы жарлықпен Цинь Ган Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі қызметінен босатылды. Осы жарлыққа сәйкес ҚХР-дың жаңа қаржы, ғылым және техника министрлері тағайындалды. Олар – Лан Фоан мен Ин Хэджун.
Тиісті шешімдер осы аптада Бейжіңде аяқталған 14-ші шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің (ҚХР Тұрақты комитеті, парламенттің тұрақты органы) алтыншы сессиясының қорытындысы бойынша қабылданды.