Алматыда 1-сынып оқушысын зорлады: баланың анасы жаңа мәлімдеме жасады
Анасының видеосы Kozachkov offside парақшасына жарияланған. «Себебі не? Тергеу жұмысының нашарлығы ма, әлде халықаралық мектеп еліміздің заңына бағынбай ма?» – деп сұрайды әйел. Ананың басқа да сұрақтары бар.
«Неліктен қарапайым қазақ мектептеріндегідей директорды тым болмағанда тергеу кезінде қызметінен шеттеткен жоқ? Неліктен бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева моральдық-құқықтық көмек көрсетудің орнына, жағдайды сұрамай отыр. Баламды үшінші жауап алуға әкелуімді талап етті ме?» – деп жалғастырады автор.
Ол психологтар психиатрға көрінуге кеңес беріп жатқанын айтты.
Сонымен қатар әйел бұл видеоны түсіріп, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен бас прокурор Берік Асыловқа хабарласып жатқанын, себебі мемлекеттік органдарға жолдаған ресми сауалдарына әлі жауап алмағанын айтты.
«Әлде балалар зардап шекпеуі үшін қылмыскерді мен табуым керек пе? Мен қарапайым қазақ әйелімін, менің ешқандай байланысым жоқ. Шынымен де әділ тергеуден бас тарта ма? Неліктен қылмыскердің бостандықта жүргеніне ешкім алаңдамайды?» – деп ана көзіне жас алды.
Ал Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық істі тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 3-1-бөлігі «Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тергеп жатқанын хабарлады.
«Комиссия сот-медициналық сараптама жүргізді. Оның қорытындысы алынды. Сонымен бірге істің объективті мән-жайын анықтау мақсатында тергеу сарапшыларға қосымша сараптама тағайындады. Ол әзірге азаматша П.-ның ұлын сараптамадан өткізуге құлықсыздығынан мүмкін болмады», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Ішкі істер министрлігі мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылды.