BasNewsЖаңалықтар
Атырауда емхананың бас дәрігері жемқорлыққа күдікті
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыс прокуратурасының үйлестіруімен №4 «Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК директоры бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен әшкереленді, деп хабарлайды basnews.kz.
Ағымдағы жылдың 24 қазанында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «қамауда ұстау»түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.