30 қазанда елдің басым бөлігінде ескерту жасалды
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде онтүстік-шығыстан жел онтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 30 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.