6 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды
Қаржы министрлігінің басшысы ең танымал рәсім – соттан тыс банкроттық екенін айтты.
«Биыл 3 наурыздан бастап 70 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 80%-дан астамы банкрот рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Нәтижесінде бүгінде 9 млрд теңгеден астам борыш сомасына 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды».Ерұлан Жамаубаев
Негізгі себептері: жеке басында мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу. Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгінген.
Министрдің баяндауынша, жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр (кредитормен қарызды алдын-ала реттеу міндеттілігі, шетелге шығуға тыйым және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі кезінде ұзақ уақытқа төлем мерзімінің өтуіне байланысты).
Осыған байланысты мына нормалар ұсынылады:
1) соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (сонымен қатар уәкілетті органның лицензияларынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);
2) азаматтарды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттар беруден босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың базаларынан алу жоспарланып отыр);
3) төлем қабілетін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау (қолданыстағы нормаларға сай тыйым жоспарды орындаудың барлық кезеңіне – 5 жылға белгіленген).