BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 7 жасар бала зорлануы мүмкін балаға қатысты сараптама қорытындысы жарияланды

Алматы полициясы Алматыдағы жекеменшік мектепте жеті жасар бала зорланды деген іс бойынша жүргізілген сот-медициналық комиссия мен геномдық ДНҚ сараптамасының қорытындысы туралы айтты, – деп хабарлайды basnews.kz.

«Сот-медициналық комиссия сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың денесінде сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол өзге биоматериалдың барын анықтаған жоқ», – деп хабарлады полиция редакция сауалына жауап ретінде.

Сонымен қатар, тергеу бақылау камераларынан алынған бейнематериалдар жан-жақты талдаудан өткізген.

Сондай-ақ, Алматы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Зорлау») бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

«Алайда, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атап айтқанда, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес соталды тергеп-тексеру туралы мәлімет жария етілмейді», – деп толықтырды Алматы полициясы.

Back to top button