BasNewsЖаңалықтар
«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды basnews.kz компания хабарламасына сілтеме жасап.
Ресми мәлімет бойынша, 5 қарашада «Қазақмыс» компаниясының кәсіпорны Шығыс-Жезқазған кенішінің № 57 шахтасында жазатайым оқиға болған.
«Жұмыстарды орындау кезінде 1984 жылы туған шебер қаза болды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», – делінген «Қазақмыс» хабарламасында.