BasNewsЖаңалықтар
-10 градусқа дейін аяз, қар, жаңбыр: 9-11 қарашадағы күн райы болжамы
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 9-11 қарашасына арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды basnews.kz.
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар, жаңбыр жауады.
«Оңтүстікте 9 қарашада, батыста 10 қарашада, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада республиканың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Республика бойынша – жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.
Аптаның соңына қарай түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 2 градустан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.