BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында 44 оқушы мен екі мұғалім уланып қалды

2023 жылғы 7 қараша күні Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды basnews.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.

Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.

«Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды», – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің баспасөз қызметі мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Back to top button