BasNewsЖаңалықтар

Айдын Тусупов бостандыққа шықты

Мәскеуде 3,5 жылға сотталған атышулы блогер Айдын Тусупов бостандыққа шықты, – деп хабарлайды basnews.kz.

Бұл ақпаратты Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері растады.

«Айдын тусупов 2023 жылғы 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-нің 1-нөмірлі мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласына кетті», – деп жауап берді редакцияға ведомство өкілдері.

Айта кетейік, 2021 жылы наурызда блогер Айдын Тусупов, Рамир Хасанов және Ерсін Дүмшебай Мәскеуде премиум-класс таксиді шақырған. Жүргізуші олардың өтініші бойынша жүктерін багажға салып жатқан кезде блогерлердің бірі жолаушының орнына, екінші жүргізушінің орнына отырып, көлікті айдап кетіп қалған болатын. Үшіншісі сырттан видеоға түсіріп тұрған. Бірнеше минуттан кейін олар қайтып келіп, жүргізушіге бұл пранк екенін айтқан.

Back to top button