BasNewsЖаңалықтар

Павлодар облысында 73 жастағы әжей іздестірліп жатыр

Павлодар облысында алты күн бойы амнезиямен ауыратын қарт әйел іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды basnews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Костынюк Надежда 1949 жылы туған. Ол 4 қарашада үйден шыққан және оның қай жерде екені әлі белгісіз. Әйел амнезиямен ауырады, мезгіл-мезгіл есте сақтау қабілетін жоғалтады, бұрын үйден кетіп қалған, бірақ табылған.

«4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, «Vita» еріктілері және бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылып жатыр», – деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.

Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар жақын, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп ойлайды.

Әйелдің киімі: сары күрте, басында қызыл түсті тоқылған қалпақ, резеңке галош.

«Жоғалған Костынюк Надежда Ивановнаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамның барлығын полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауын сұраймыз», – делінген хабарламада.

Back to top button