Мәсімов ақшалай қаражатты жылыстатты және аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
«ҰҚК К.Мәсімовке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 208 – «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру және 366 – «Пара алу» баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз», – делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2023 жылғы 14 қарашадағы сауалға берген жауабында.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен бірқатар тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
2022 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
2022 жылғы 25 тамыз күні ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.