Эмине Ердоған: Газа секторын қалпына келтіру қорын құру қажет
Бұл туралы Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған 15 қарашада Ыстанбұлда өткен мемлекет және үкімет басшылары жұбайларының «Палестина үшін тек жүрек» кездесуінде айтты, деп жазады basnews.kz TuraNews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Палестина мәселесінде мәселесінде бірлік және ынтымақ негізгі басымдық саналады: «Палестинада бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатымен, БҰҰ, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы және т.б. ірі ұйымдардың қатысуымен Газаны қалпына келтіру қорын құру қажет».
Сондай-ақ, Эмине Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Таяу Шығыстағы дағдарысты шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.
Айта кетейік, кеше 15 қарашада Эмине Ердоғанның қамқорлығымен Долмабахче кеңсесінде өткен жиынға «Палестина үшін тек жүрек» тақырыбындағы саммитке көптеген мемлекет және үкімет басшыларының жұбайлары мен арнайы өкілдері қатысты.