BasNewsЖаңалықтар

Экономиканы демонополизациялау: Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы іс жүзінде қалай жұмыс істейді

Тоқаев өз бағдарламасында экономиканы монополиясыздандыру, мемлекеттің бизнеске қатысуын қысқарту және кәсіпкерліктегі бюрократияны азайту ел дамуының экономикалық секторындағы негізгі бағыттарға айналды, деді. Жыл ішінде жоспардың негізгі тармақтары орындалды, деп хабарлайды basnews.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты.

«Экономика демонополизацияланады, ал мемлекет бизнеске қатысуын айтарлықтай азайтады. Адал бизнеске бюрократиялық қысым азаяды. Біздің барлық күш-жігеріміз кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталатын болады. Заңсыз иемделінген және шығарылған активтерді елімізге қайтару бойынша жұмысты жандандырамыз. Олар халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады», — делінген Мемлекет басшысының бағдарламасында.

 

Осылайша, Президенттің Сайлауалды бағдарламасы экономикада адал және нақты ережелер орнатуға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекет салық, бюджет, ақша-несие, тариф саясатын тең дәрежеде әрі ашық жүргізетін болады, сондай-ақ ішкі өндірісті, шикізаттық емес экспортты және т.б. ынталандырмақ.

● 2022-2023 жылдары $41,3 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

● Өнеркәсіп салаларында орта және жоғары дәрежеде өңделген өнімдерді өндіруде пайдаланылатын базалық материалдар қажеттілігіне талдау жасалды.

● Отандық өндірушілер мен өнеркәсіп-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған ҚР-ның «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңына түзетулер әзірленді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісін қолжетімді бағада шикізатпен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

● Өндірушіден тұтынушыға дейін тауарларды жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болып отырған Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілді.

● Экономиканы демонополизациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке қабылданды:

  1.  ірі 14 акционерлік қоғам мен ЖШС-дағы акция пакеттері мен қатысу үлестері;
  2.  7 ғимарат, 162 теміржол мен теміржол нысаны;
  3.  автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да мүліктер.

● ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларының жалғасы ретінде «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. Оның нормалары әкімшілік-билік ресурстарына иелік еткен немесе осындай қолдау алған олигополия субъектілеріне қатысты қолданылатын болады. Сондай-ақ адал инвесторлардың мүдделері толығымен қорғалатын болады.

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына белсенді азаматтық позициясы бар қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері кірді.

Back to top button