BasNewsЖаңалықтар
Бас прокурор Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді
2023 жылғы 21 қарашада үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Салтанат Нүкенованың ісі туралы айтты, деп хабарлайды basnews.kz.
Оның айтуынша, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер қоғамды ерекше алаңдатады.
«Жақында Астанада азамат Нүкенованың өлтірілуі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Қазірдің өзінде 150 мыңға жуық қазақстандық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы Петицияға қол қойды».Берік Асылов
Сонымен бірге, Бас Прокурор атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
«Ағымдағы жылы тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алу мерзімі ұзартылды, тараптардың қайта татуласуына тыйым салынды, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының арыздарына жауап беру бойынша полицияның жұмысы қайта құрылымдалды».Берік Асылов
Нәтижесінде үшінші тоқсанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған «отбасылық ұрылар» саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін өсті.