BasNewsЖаңалықтар
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Бас прокуратура тың деректер айтты
Қазақстанның Бас прокуратурасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды basnews.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, полиция контрабанданы ұйымдастырды деп болжанған нигериялық азаматқа қатысты істі тергеп жатыр, ол Ақжарқын Тұрлыбайға елдер арасында зат тасымалдау арқылы ақша табуды ұсынған. Оның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылдай уақыт өтті. Бірақ күдіктіні Қазақстанға берер емес.
«Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунға қатысты қылмыстық іс «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі көлемде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, сақтау, тасымалдау, сол сияқты өткізу» бабымен тергеліп жатыр», – деп хабарлады Otyrar.kz басылымына ҚР Бас прокуратурасы.