BasNewsЖаңалықтар
Бір тәулікте коронавирустан 73 адам жазылды

Өткен бір тәулікте Қазақстанда 73 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 9,
Алматы қаласында – 4,
Ақтөбе облысында – 2,
Алматы облысында – 3,
Атырау облысында – 6,
Қарағанды облысында – 10,
Қостанай облысында – 9,
Павлодар облысында – 18,
Солтүстік Қазақстан облысында – 8,
Түркістан облысында – 4.
Елімізде барлығы 105 566 адам COVID-19-дан сауығып шықты. А уырғандардың жалпы саны – 110 250 .
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте коронавирустың жаңадан 164 жағдайы тіркелді.
Коронавирус белгілері бар пневмония бір тәулікте 165 адамнан анықталды.



