BasNewsЖаңалықтар
Түркиядағы жер сілкінісі: ер адам 33 сағат бойы үйінді астында жатқан
Измирде жер сілкінісі кезінде ер адам 33 сағат бойы үйінді астында жатқан, – деп хабарлайды BasNews.kz
Агенттік арнайы құтқару операциясының видеосын жариялады. Онда құтқарушылардың үйінді астынан зардап шеккен ер адамды алып шыққаны көрінеді.
Айта кетейік, Түркияның батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны сағат сайын жаңарып жатыр. 1 қараша кешкі уақыттағы жағдай бойынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 76-ға жетті. Кеше таңертең бұл көрсеткіш 42болған еді.



