BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша «сары» аймаққа енді – бас санитар дәрігер
Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан коронавирус таралуы бойынша «сары» аймаққа енгенін айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz
«Бүгінде Нұр-Сұлтан «сары» аймақта. Яғни, «сары» аймақ болған кезде бізде жеңілдету болмайды. Бізде күніне 49 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Сондықтан сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға қатысты жеңілдік жасай алмаймыз, ондай мүмкіндігіміз жоқ», – деді Пірәлиева.
Пірәлиева елордада бұрынғы карантиндік режим сақталатынын атап өтті. Оның сөзінше, науқастар арасында вирусты басқа өңірлерден алып келгендер де бар екен.



