BasNewsЖаңалықтар
Тағы екі облыс коронавирус жұқтырғандар саны бойынша «қызыл аймаққа» енді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов Қостанай облысы мен Батыс Қазақстан облысы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша «қызыл аймаққа» енгенін айтты , – деп хабарлайды BasNews.kz
«Бізде «қызыл аймаққа» Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай облысы, Батыс Қазақстан облысы кірді. Ал «сары аймақта» Ақмола мен Нұр-Сұлтан бар. Қалған өңірлер «жасыл аймақта», – деді Қиясов онлайн-брифингте.



