BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтанға ұшып келген елшілік қызметкерінен коронавирус анықталды

Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері Нұр-Сұлтанға коронавирус әкелді, – деп хабарлайды BasNews.kz Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.
Елшілік қызметкері халықаралық рейспен Нұр-Сұлтанға келгеннен кейін ПТР-тест тапсырды. Коронавирусқа талдау оң нәтиже көрсеткен.
«Қазіргі уақытта елшілік қызметкері елордада 14 күндік карантинде.
Сауалнамасында ол РФ азаматы екенін, жұмыс орны – СІМ, Ресей Федерациясының елшілігі екенін көрсетті», – деді Байғабылов



