BasNewsЖаңалықтар
Алматыда атыс қаруы қайта жасалатын жасырын цех анықталды
Алматы полицейлері атыс қаруын қайта жасаумен айналысқандардың жасырын цехын анықтады, – деп хабарлайды BasNews.kz Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласы Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды, олардың тұрғылықты жерінде көп әртүрлі атыс қаруы, оқ-дәрі мен қаруды қайта жасау кезінде күдіктілер пайдаланған заттар табылып, тәркіленді. Олар ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ, бөлшектер мен оқ-дәрілер бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Берік Әбілбеков.










