BasNewsЖаңалықтар
Айғайлады және жұдырықпен үстелді ұрды. Алматы облысында бас дәрігердің іс-әрекеті тексеріледі
Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізіледі, – деп хабарлайды BasNews.kz
Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды. Роликке қарағанда кездесуге келген тұрғындардың бірі бас дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойды.
«Мен жақында жазбаша түрде жүгіндім, емханаңызда дәрі де жоқ, өз ақшама сатып алдым. (…) Емханаға келгенде «дәрі жоқ» деп айтады. Ана жеті миллиард шығыс ақша қайда кетті?» – деді видео сыртындағы адам.



