BasNewsЖаңалықтар

Лукашенко Беларусьте азамат соғысы басталуы мүмкін деп қауіптенеді

Беларусь президенті Александр Лукашенко елде азамат соғысы басталуы мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz

Лукашенконың айтуынша, Минскіде наразылық білдірушілер жиналатын аулалар республикада азамат соғысының басталу орны болуы мүмкін.

«Минскіде зират секілді мемориалдар құрудың қажеті қанша? Біріншіден: зираттар мен мемориалдар тұрғындарға психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Радикализация процесі басталды, мұны бәрі атап өтті және бұл аулалар төбелесу орнына айналуы мүмкін – айналды да. Біреулер фашистердің лентасын тағып кетеді, біреулер мұны жақтырмай алып тастайды, төбелес басталады. Негізгі мақсат – бұл қарсыласу пунктерінде радикализация жалғаса берсе, шетелден және өзімізден де адамдар қосылып, қолына қару алып, оны азамат соғысының басталуына айналдырғысы келеді», – деді ол.

Басылым өткен аптада Минск ауруханаларының бірінде 31 жастағы Роман Бондаренко қайтыс болғанын атап өтті. Ол белгісіз адамдармен төбелесіп, жарақат салдарынан көз жұмған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button