BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында миллион еуродан аса табыс тапты

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 1,125 миллион еуро табыс тапты, алайда олар турнирде өз тобында соңғы орында тұр, – деп хабарлайды BasNews.kz.

УЕФА Ұлттар лигасына қатысушылардың әрқайсысы жақсы бонустарға үміттене алатыны хабарланды. Бонустар турнир аяқталғаннан кейін, ойындарда көрсеткен нәтижелеріне қарай түседі.

Ұлттар лигасында өнер көрсеткені үшін мынадай бонустар болады:

А дивизионы – 2,25 миллион евро;

В дивизионы – 1,5 миллион;

С дивизионы – 1,125 миллион;

D бөлімі – 0,75 миллион.

Топ жеңімпаздарына сыйақы:

А дивизионы – 2,25 миллион;

В дивизионы – 1,5 миллион;

С дивизионы – 1,125 миллион;

D дивизионы – 0,75 миллион.

«Төрт финалдың» жеңімпазына алты миллион төленеді, екінші орынға – 4,5 миллион, үшінші орынға – 3,5 миллион, төртінші орынға – 2,5 миллион.

«Төртеудің финалы» әлі өткен жоқ.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 4-тобында соңғы орын алып, енді С дивизионында қалу үшін түйісу матчтерінде өнер көрсетеді. Алты ойын қорытындысы бойынша, команда төрт ұпай жинады. Михал Билектің шәкірттері турнирдегі соңғы матчте Литвадан жеңіліп қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button