BasNewsЖаңалықтар
Атбасарда туған күн кешін ұйымдастырған асхана және зауыт басшылығы жазаланады
Ақмола облысы Атбасар қаласында туған күн жасаған асхана және зауыт басшылығы жазаланады, – деп хабарлайды BasNews.kz
Асханада «Қамқор-Локомотив» ЖШС электровоз зауытының бөлімшесінің директоры орынбасарының туған күні тойланған.
Туған күн иесін құттықтауға 17 адам келген, оның ішінде, кәсіпорын басшысы да бар.
Аталған дерек бойынша материал Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді.
«Одан бөлек, карантин режиміне қарамастан туған күн кешін ұйымдастырып, бас мемлекеттік санитар дәрігердің талабына құлақ аспаған асхана басшылығы да жазаланады», – дейді көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
Еске салайық, Ақмола облысы коронавирус жағдайына байланысты «қызыл» аймақ тізімінде.



