BasNewsЖаңалықтар
Шымбұлақ директоры жаңа маусымда курорт неге қымбаттағанын түсіндірді

«Шымбұлақ« тау шаңғы курортының директоры Ринат Абдрахманов жаңа маусымда курорт неге қымбаттағанын айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz
Айта кетейік, Шымбұлақта сырғанау маусымы 16 қарашада басталды. Алайда карантинге байланысты курортта белгілі бір жұмыс режимі енгізілген.
«Қаланың санитар қызметтері курортқа келушілер санына шектеу енгізді – күніне 2700 адам ғана. Біз шаңғы тебуді таңғы сессияға және күндізгі сессияға деп бөлдік. Яғни қазір адамдар таңертең 8:30-дан 13:30-ға дейін жүре алады. Ал қалғандары 12:30-да келіп, кешке дейін жүре алады. Қонақтардың шамамен 40 пайызы таңертең келсе, 30 пайызы күннің екінші жартысында келеді. Қалғандары толық күнге сатып алады», – деді «Шымбұлақ» бас директоры Абдрахманов.



