BasNewsЖаңалықтар
Тағы да локдаун бола ма? Министрлік жауап берді
WhatsApp-та Қазақстанда екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама тарап жатыр. Авторлардың айтуынша, азық-түлік дүкендері жабылып, тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, – деп хабарлайды BasNews.kz
Алайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста мұндай мәселе көтерілген жоқ», – деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.




