BasNewsЖаңалықтар

Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат берілді

Үкімет басшысы Мемлекеттік туды үйлердің қасбетіне, балкондарға ілуге рұқсат беретін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер енгізу туралы« №801 қаулының 4-тармағының бірінші бөлігінде былай деп жазылған:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үй тұрғын үй емес үй-жайларда), оның ішінде балкондар мен салтанатты шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату орналастыру) алады».

Басқа жаңалықтар

Back to top button