BasNewsЖаңалықтар
Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өрттің қалай шыққаны белгілі болды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды BasNews.kz.
«Бұл өртті сөндірушілер келгенге дейін аурухана қызметкерлері өшіруге тырысқан. Оқиға барысында медицина қызметкерлері мен пациенттердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Науқастарды басқа блоктарға ауыстыру жоспарланып отырған жоқ», – делінген Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше кешке Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде өрт шыққан еді. Дереу көмекке келген полиция қызметкерлері іштегі науқастарды сыртқа шығаруға көмектескен.



