BasNewsЖаңалықтар
Жаңбыр, үсік. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» синоптиктері 13-15 мамырда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты. Осы кезеңде бірнеше облыста аяз күтіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
13 мамырда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады. Шығыс Қазақстан облысында нөсерлі жаңбыр жаууы мүмкін.
14 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарын қоспағанда, бүкіл елде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Аталған өңірлерде жаңбыр жауады.
15 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта 1 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша кей жерлерде жел екпіні күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.