BasNewsЖаңалықтар

Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 мамыр кешімен салыстырғанда доллар 1,55 теңгеге өскен.

АҚШ доллардың орташа бағамы 429, 16 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,54 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 429,81 теңге сатылса, ал сатып алу – 426, 25 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 429,06 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 427,99 теңге.

Айта кетейік, кеше АҚШ доллары 1,42 теңгеге қымбаттап, оның орташа бағамы 427,54 теңге болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button