BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда статусы «қызыл» бола тұра оқшаулау тәртібін бұзғандар тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан әкімдігі статусы «қызыл» тәртіп бұзушылардың есімін жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Елордада 18 тұрғынға үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама жасалды, тиісінше 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл салынды. COVID-19 бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер қоғамдық орындарға барып, Ashyq жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандар қызметін пайдалануға тырысқан.

Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдардың оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, эпидемиологиялық ауыр күндерде тәртіпті сақтау – әрбір адамның азаматтық міндеті. Бұл тек өзі үшін емес, өз балаларының, отандастарының және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін де жауапкершілік.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер тиісті шарттарды сақтауы тиіс. Бұл қала тұрғындарын коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорғайды.

Нұр-Сұлтанда «қызыл» статусы бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандар тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button