BasNewsЖаңалықтар

Талғар тұрғыны өгей қызын өлтірді

Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны 13 жастағы өгей қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, 23 шілдеде Талғардағы жеке үйлердің бірінен 13 жастағы қыздың зорлық белгілері бар мәйіті табылған. Дерек ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді.

«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шаралар өткізіп, аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген 47 жастағы өгей әкені анықтады. Ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде екені белгілі болды. Оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні Алматы облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Алматы аумағында ұстады», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Полицейлер балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнаманың қатаңдағанына қарамастан, мұндай қылмыс әлі де жасалатынын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button