BasNewsЖаңалықтар
Сот Біртановты үй қамауынан босатудан бас тартты

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауынан босату туралы өтінішті қабылдамады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановтың үйқамақта болу мерзімін екі айға санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы түпкілікті, шағымдануға жатпайды», – деді судья Элеонора Оңғарсынова.



