BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 6900-ден асты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 925 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 27 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 925 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 549 628-ге жетті», – делінген хабарда.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 1531,
- Алматы қаласында – 1250,
- Шымкент қаласында – 421,
- Ақмола облысында – 210,
- Ақтөбе облысында – 191,
- Алматы облысында – 220,
- Атырау облысында – 430,
- Шығыс Қазақстан облысында – 312,
- Жамбыл облысында – 137,
- Батыс Қазақстан облысында – 197,
- Қарағанды облысында – 920,
- Қостанай облысында – 213,
- Қызылорда облысында – 150,
- Маңғыстау облысында – 267,
- Павлодар облысында – 225,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 134,
- Түркістан облысында – 117.



