BasNewsЖаңалықтар
Қазақстандық теннисші Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ширек финалда Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басым түсті. Ал екі сетте 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат, 34 минутқа созылды.



