BasNewsЖаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды  Basnews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, 7-9 тамызда атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде және орталығында кей жерлерде нөсер, бұршақ жауады.

«Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде жел күшейіп, ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, республиканың батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», – делінген хабарламада.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button