BasNewsЖаңалықтар

Олимпиада-2020: Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақта үшінді жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Берульцева алғашқы кездесуінде түркиялық Мельтем Ходжаоглумен тең түсіп, екінші жекпе-жегінде италиялық Сильвия Семерародан басым түскен.

Ал үшінші қарсыласы әзербайжандық Ирина Зарецкая болды. Қазақстандық каратэші оны 5:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Демек, Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button