BasNewsЖаңалықтар
Қазақстан Токио Олимпиадасын 8 медальмен аяқтады

Қазақстан 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарын ресми түрде аяқтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ұлттық құрама қоржынына соңғы медальді каратэші Софья Берульцева салды. 20 жастағы спортшы жартылай финалда Мысыр өкілі Ферьял Абделазизбен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіліп қалған болатын. Софья Берульцева Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.



