BasNewsЖаңалықтар

Алматы халқының саны екі миллионнан асты

Алматы халқының саны екі миллионнан асты, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!

Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!», – деп жазды өңір әкімі Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Алматыдағы миллионыншы адам КСРО кезеңінде туған, яғни 1981 жылдың 19 желтоқсанында өмірге келген. Ол – Бауыржан Қадірсізов есімді қала тұрғыны.

Басқа жаңалықтар

Back to top button