BasNewsЖаңалықтар
Алакөлде гидроцикл қаққан ер адам көз жұмды, ал қызы реанимацияға түсті

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан.
Түркістан облысының тұрғыны қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалған. – 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.



