BasNewsЖаңалықтар

Іздеуде жүрген Талғат Ардан қай елде екені анықталды

Антикоррупция қызметі өкілдері «Астана LRT» компаниясының бұрғынғы басшысы Талғат Ардан қай елде жасырынғаны анықталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Алайда ведомство өкілдері Ардан нақты қай мемлекетте екенін жарияламады. Сонымен қатар, өткізілген іс-шараларда елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков тұрып жатқан жері анықталды, ол АҚШ аумағында жасырынып жүр, делінген жауапта.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасы Халықаралық құқық нормаларына сәйкес Сұлтанбековті экстрадициялау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Арданға келетін болсақ, қазір ол орналасқан мемлекеттің құқық қорғау органдары оны анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр екен.

Талғат Ардан 2017 жылы «Астана LRT» ЖШС басшысы қызметінен босатылған.

2019 жылдың желтоқсанында Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» бұрынғы басшысы Талғат Арданға іздеу жарияланған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button