BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда соңғы тәулікте 7 798 адамнан COVID-19 анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 798 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 12 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 798 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 672 322-ге жетті», – делінген хабарда.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 1276,
- Алматы қаласында – 1507,
- Шымкент қаласында – 532,
- Ақмола облысында – 278,
- Ақтөбе облысында – 416,
- Алматы облысында – 300,
- Атырау облысында – 470,
- Шығыс Қазақстан облысында – 259,
- Жамбыл облысында – 145,
- Батыс Қазақстан облысында – 161,
- Қарағанды облысында – 1144,
- Қостанай облысында – 271,
- Қызылорда облысында – 210,
- Маңғыстау облысында – 213,
- Павлодар облысында – 329,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 170,
- Түркістан облысында – 108.



