BasNewsЖаңалықтар

Алматыда қант бір адамға бес келіден артық сатылмайды

Алматыда қант бір адамға 5 келіден артық сатылмайды. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант сатудың белгіленген шектеуіне қатысты жағдайды түсіндірді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім Magnum, Small және Toimart сияқты сауда желілерімен жасалды.

«Жоғарыда аталған дүкендер желісінде бір адамға бес келі қант қана сатылады. Мұндай шара алып-сатарлардың алдын алу үшін қабылданды. Базар және өзге де сауда нүктелерімен салыстырғанда мұнда қант бағасы 10-15% төмен», – деп хабарлады әкімдіктен.

Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылықпен байланысты емес екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button