BasNewsЖаңалықтар

Екібастұзда ірі энергетикалық қондырғылар апат жағдайында істен шықты

Екібастұзда ірі энергетикалық қондырғылар істен шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 14 қазанда болған.

«Екібастұздағы ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-де бірнеше сағат айырмашылығымен қуаты 500 мегаватт болатын ірі энергоблоктар ажыратылды. Сондай-ақ, «ЕЭК» АҚ электр станциясындағы қазандық өндірістің 150 мегаватқа төмендеуіне байланысты апат жағдайында өшірілді», – делінген хабарламада.

Осылайша, бұл үш электр станциясында генерацияның апаттық қысқаруының жалпы көлемі 1000 мегаваттан асты.

«Қуат жетпей, электр станцияларындағы үзілістер Ресеймен шекарадағы электр беру желілерінің шамадан тыс жүктелуімен рұқсат етілмейтін ауытқуларға әкеледі», – деп толықтырды KEGOC.

Апаттың алдын алу және энергия жүйесіндегі өндіріс көлемінің төмендеуінің салдарын азайту үшін «KEGOC» акционерлік қоғамы Энергетика министрлігімен келісім бойынша электр энергиясының аймақтық компанияларымен бірлесіп, көп пайдаланатын тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестеге сәйкес енгізілді.

Back to top button