Жаңалықтар

Өскеменде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру бойынша халықаралық конференция өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік қызметкерлерді дамыту кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» атты Халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференция өткізді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Академия филиалына сілтеме жасап.

ZOOM платформасында өткен конференция мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігі: технологиялар мен даму жолдары туралы, мемлекеттік қызметшілердің инновациялық әлеуетін қалыптастыру және олардың қызметтегі тәлімгерлік жеке және кәсіби өсу стратегиясы туралы болды.


Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру мақсатында өткен шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Н.Т. Еркебаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалы директоры С. Э. Ковалев және көршілес Ресей елінен профессорлар Р.М. Вульфович, Л.Н.Бабкина, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құзыреттерін бағалау секторының бас сарапшысы, PhD докторы Е.В.Белошниченко, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.О. Берекполова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының профессоры, психологиялық ғылымдар кандидаты Г.В. Грызунова баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың құндылық негіздеріне тоқталды.

Конференцияға арнайы қатысқан облыс, аудан-қала әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері аталған шарадан тағылымды дүниені көңілге тоқығандарын айтты. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Back to top button