BasNewsЖаңалықтар

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына құны 10 млн теңге тұратын медициналық құрал сыйға тартылды

«Асыл бала» қоғамдық қоры Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына құны 10 млн теңге тұратын рентген-хирургиялық үстелді салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл рентген-хирургиялық үстелді, сонымен қатар ортопедиялық және омыртқалы хирургияны қамтитын қолтықты рентгендік аппаратураны қолдана отырып, интервенциялық, диагностикалық, терапевтік және рентгендік хирургиялық процедураларды жүргізуге болады.

Медициналық жабдықтың артықшылығы – рентгендік хирургиялық үстелдің көріністі бұрмалайтын бүйір металл пластиналары жоқ, керісінше рентген мөлдір және 360 градуста көрсетеді. Сондай-ақ, бұл үстел омыртқадағы операцияларға қолданылады.

Бұл құрал-жабдықты алуға қажетті қаржыны жинау үшін «Асыл бала» қоғамдық қоры 2019 жылдың 29 қарашасында Көкшетау қаласында және 13 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің жұбайы Хитоми Шимомура ханымның бастамасымен қайырымдылық шарасын өткізген болатын.

Айта кетерлігі, «Асыл Бала» қоғамдық қоры 2018 жылдың қаңтарында «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясымен бірге «Ана мен Бала» Ұлттық ғылыми орталығының балалар онкологиясы бөліміндегі бүлдіршіндерге Smart Class ашты. Онда балаларға ағылшын тілі, шахмат, робототехникасы және бейнелеу өнерінен сабақтар өткізіледі. Яғни, медициналық мекемелерде ұзақ емделетін балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек бағдарламасы жасалған. Балаларға ойын, қарым-қатынас және жан-жақты даму арқылы өмірдің қиын кезеңін жеңуге көмектеседі.

2019 жылдың шілдесінде «Асыл Бала» қоғамдық қоры Smart Class-та бейнелеу өнері сабақтарына қатысатын онкология бөлімінің балаларына сурет байқауын жариялады. Соған байланысты бейнелеу өнері бойынша 8 айлық сабақтан кейін 4 номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті.

Сонымен қатар, «Асыл Бала» қоғамдық қоры Ақмола облысы Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Сейтімхан Кәусарды құттықтап, қолдау көрсетті. Алдыңғы жылдары Кәусар «Ана мен Бала» ҰҒО балалар онкология бөлімшесінде «лимфобласты лейкоз» диагнозымен емделген еді. Қазір Кәусар шығармашылықпен белсенді айналысады, әртүрлі республикалық ғылыми-зерттеу және жобалық конкурстарының жеңімпазы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button