BasNewsЖаңалықтар
Мароккода құдыққа құлаған бала көз жұмды
Сенбіден жексенбіге қараған түнде марокколық құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен 5 жасар Райанды жер астынан алып шықты. Өкінішке қарай, бала олар жеткенге дейін қайтыс болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Марокко королі Мұхаммед ҮІ растады.
«Ұлы мәртебелі Мұхаммед ҮІ баланың ата-анасына хабарласып, көңіл айтты», – деп мәлімдеді жергілікті БАҚ.
Райанның нақты неден қайтыс болғаны туралы ақпарат жоқ. Оны жергілікті дәрігерлер анықтап хабарлайтын болады.

Жұма күні құтқарушылар құдыққа камера түсіргенде Райанның қозғалып жатқанын, яғни тірі екенін көрген еді. Артынша оған оттегі, тамақ пен су түсірілді. Алайда, бала оларды пайдалана алды ма, жоқ па белгісіз. Сенбі күні қайта камера түсіргенде Райанның бір қырымен әрі қарап жатқаны, бірақ тірі ме, жоқ па белгісіз екені мәлімделді.

Құтқару жұмыстары бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Тіпті Мароккомен дипломатиялық қатынасын үзген Алжирдің БАҚ-тары да өз оқырмандарын баланың тірі қалуы үшін дұға етуге шақырған еді.



